RU
Ойланбастан кері бұрылдық: Қарағандылық полицейлер 51 адамның өмірін сақтап қалды
Жаңалықтар Қоғам

Ойланбастан кері бұрылдық: Қарағандылық полицейлер 51 адамның өмірін сақтап қалды

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысында екі полицей жолда кетіп бара жатқан автобустың өртеніп жатқанын байқап қалып, ондағы жолаушыларды құтқарып қалған деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан

Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан
Source: UGC

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 28 наурыз күні болған.

Полиция старшинасы Нұрмағамбетов пен жол-патрульдік полициясы батальон қызметінің инспекторы полиция лейтенанты Егенов Алматы – Екатеринбург трассасында қызметте жүрген. Олар кешке қарсы келген Neoplan автобусының артқы бөлігі өртеніп жатқанын байқап қалған.

Сөйтіп олар ойланбастан кері бұрылып, автобустың соңына түскен. Кейін автобусты тоқтатып, салоннан дереу 51 жолаушыны шығарып, содан кейін өртті сөндіруді бастаған.

Полицейлердің қырағылығының арқасында адамдар аман қалып, автобус шығынға ұшыраған жоқ.

Содан кейін полицейлер басқа автобусты тоқтатып, құтқарылған жолаушыларды отырғызып жіберген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
3
27
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel