RU
Лай суға әбден аунаған қазақ жігіті жұртты күлкіге қарық қылды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Лай суға әбден аунаған қазақ жігіті жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Рассказать Вконтакте

Талдықорған тұрғыны наразылық белгісі ретінде желіге өзінің лай суға шомылған видеосын жүктеді. Бұл әрекетімен ол қала жолдарында орын алған күрделі проблеманы жұрт назарына шығармақшы болған деп хабарлайды newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: newtimes.kz

Фото: newtimes.kz

Лай судағы бидің видеосын өзінің Instagram парақшасына Хан Досаев есімді азамат жүктеген. Ол өз әрекетімен Талдықорғанда жөндеуді қажет ететін жолдарды күлкіге айналдырып, қатты сынға алды.

Хан Досаев видео астына "Жерден шыққан бәріміз, қайта жерге кетеміз" деген жазба қалдырған.

Балшықтағы бидің видеосы ғаламторда бірден қызу талқыға түсіп, мыңдаған лүпілдерге ие болды. Желі қолданушылар автордың шығармашылық шабытына жоғары баға беріп жатты.

«Осы сәтте жақын арада саған арнайы монша жағылып жатты деп үміттенемін», - деп жазды бір оқырман.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
2
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір