RU
Үш жыл бойына оқушысымен төсектес болған мұғалім одан бала туып алған
Жаңалықтар Әлемде

Үш жыл бойына оқушысымен төсектес болған мұғалім одан бала туып алған

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Огайо штатындағы мектеп мұғалімі Лаура Линн Кростың өзінің 14 жастағы оқушысымен үш жыл бойы төсектес болғаны анықталды. Қарым-қатынастарын барынша жасырмақ болғанымен олардың құпиясы 2017 жылы әшкереленді деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Лаура Линн Кросс сегізінші сынып оқушысымен қарым-қатынасын 2012 жылы бастаған. Бастапқыда оқу барысын сылтауратып оқушыны үйіне шақырған ол, кейіннен ата-анасынан оның қонып қалуына рұқсат алған болатын.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Үш жыл бойы жасырып келген қарым-қатынастары 2017 жылы әшкере болды. Мұғалім өзінің 14 жастағы оқушысынан бала туып алған. Мұны естіген оқушының әкесі онымен жеке сөйлесіп, нәтижесінде шындыққа көз жеткізген.

Бұл оқиға көпшілік арасында резонанс тудырып, Лаура Линн Кросс темір торға тоғытылды. Оған сексуалды әрекеттері есебінен үш кінә тағылды. Алайда, оған 100 мың доллар көлемінде кепілдік төленіп, Лаура бостандыққа шыққан.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Жарты жылға созылған тергеу жұмыстары барысында мұғалімнің кінәсі дәлелденіп, енді оны түрмеге қамауы әбден мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
2
1
0
3
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel