RU
Ердоған әлемге танымал лауазымды тұлғаны "террорист" деп атады
Жаңалықтар Әлемде

Ердоған әлемге танымал лауазымды тұлғаны "террорист" деп атады

Рассказать Вконтакте

Түркия президенті Режеп Ердоған өткен аптада 15 палестиндіктің қаза табуына байланысты Израиль үкіметінің басшысы Биньямин Нетаньяхуды "басқыншы" және "террорист" деп атады. Бұл туралы centralasian.org-қа сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Режеп Ердоған

Режеп Ердоған

Израиль және Түркия лидерлері арасындағы жанжал Газа секторы мен Израиль шекарасы маңында қақтығыстан 15 палестиндік қаза тауып, жүздеген адам жараланғаннан кейін туындады.

Анкара израилдік әскерді қатаң сынға алды. Нетаньяху жауап ретінде "көптеген жылдар бойы бейбіт халықты бомбалап келген ел өзге елді сынамай-ақ қойсын" деп жауап берген. Ол Түркияның Сирия, Ирак және Түркиядағы күрдтерге қарсы операциясын алға тартып отыр.

Бұған Ердоған да үнсіз қалмады. Ол Израиль билігін "террорист" деп атап, оның үкімет басшысын "әлемде ешкім жақсы көрмейді" деді.

Түркия мен Израиль арасындағы қарым-қатынас ешқашан жақсы болған емес. Соңғы уақытта тіптен нашарлап кеткен.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір