RU
WBC президенті Головкин мен "Канело" арасындағы реванштың өтпейтінін мәлімдеді
Жаңалықтар Әлемде

WBC президенті Головкин мен "Канело" арасындағы реванштың өтпейтінін мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман 5 мамыр күніне жоспарланған Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы екінші кездесу өтпейтінін айтты деп хабарлайды vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Маурисио Сулейман

Маурисио Сулейман

"Менің ойым: Жекпе-жек (Головкин-Канело) өтпейді. Невадада тыңдалым (Альварестің ісіне қатысты) 18-сәуірге ауыстырылды. Енді жекпе-жектің 5-мамырда қалай өтетінін елестете де алмаймын", - деп келтіреді Сулейманның сөзін ESPN Deportes порталы.

Еске салайық, 27-наурызда Невада штатаның Атлеттер комиссиясы Альваресті екі допинг сынаманың (17 және 20-ақпан) кленбутерол дәруменіне оң нәтижесін бергені үшін уақытша жекпе-жектерден шеттетті.

Мексикалық боксшының ісіне байланысты нүкте 10-сәуір күні шығуы керек еді. Алайда іс 18-сәуірге ауыстырылды.

Los Angeles Times басылымының жазуынша, Golden Boy Promotions жекпе-жекке қатысты барлық шараларды тоқтатты, HBO арнасы да жарнамалауды уақытша үзген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
4
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel