RU
Полицейлер қысымынан қырғызстандық азаматшаның баласы түсіп қалған
Жаңалықтар Әлемде

Полицейлер қысымынан қырғызстандық азаматшаның баласы түсіп қалған

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанда тәртіп сақшыларының тарапынан қысым көрген екі қабат әйел баласынан айырылып қалған. Бұл оқиға бойынша Оша қаласының ІІБ-сы қысым көрсеткен қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды newtimes.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды
Source: UGC

Қырғызстандық Бас прокуратураның ақпарат бөлімінің мәлімдеуінше, әйел өз арызында оның ауыр аяқ екеніне қарамастан тәртіп сақшылары оған қысым көрсеткенін айтты. Олар әйелдің Тайырбек Ұларовтың өліміне қатысы бар екенін күштеп мойындатпақ болса керек.

2017 жылдың наурыз айында тәртіп сақшылары аяғы ауыр әйелді «Ақ-Буура» полиция бөліміне алып келіп, сағат 24:00-ден таңғы 5:30-ға дейін негізсіз түрде ұстаған.

Тергеу барысында әйелдің полиция қызметкерлерінен зорлық сипаттағы қысым көргені расталды. Оның жүйке жүйесіне келтірілген аса ауыр зақым баласының түсіп қалуына себепкер болған.

Бүгінгі күні әйел аса ауыр күйзеліске шалдықты.

Қылмыстық істің тергеу жұмыстары қауіпсіздік комитетінің тергеу басқармасына берілген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel