RU
Бес келінімен бір шаңырақ астында тұратын ене тату отбасының құпиясымен бөлісті
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

Бес келінімен бір шаңырақ астында тұратын ене тату отбасының құпиясымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Атырауда әулеттің бес ұлы, жұбайларымен, бала-шағасымен бірге бір шаңырақ астында бақытты өмір сүріп жатыр. Қазіргі уақытта бес келін тұрмақ, бір келіннің өзі ата-енесімен тұрмай бөлек кетісіп жатқанда бұл отбасы көпшілікке үлгі болуда деп хабарлайды atr.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет авторы: Әбілмажан Шарапиденов

Сурет авторы: Әбілмажан Шарапиденов

Хамит Ерғалиев ауылының байырғы тұрғындары Иван аға мен Батима апай өрбіген алты ұл мен бір қызын тұмсықтыға шоқыттырмай, қанаттыға қақтырмай тәрбиелеп өсірген.

Бүгінде өзгелер қызыға да қызғана қарайтын жарасымды әулеттің отағасы түзде қызмет етсем де, үйде болған кезімде әкемнен мұра болған адалдық ұстанымын әркез балалардың санасына құйып отырам дейді.

Ал үйдің отанасы Бәтима апай келіндеріне қызындай қарап, аналық өнегесін аямағанын айтады.

"Қазақта "Келін ененің топырағынан жаратылады" деген жақсы сөз бар. Өзім ене болғанша үйдегі жарымның анасымен қабақ шытысып, артық сөзге келіп көрмеппіз. Қызындай ақылын айтып, аналық өнегесін аямады. Сол сыйластықтың арқасы болар, енем 100 жасқа келгенше қолымызда болып, мәңгі мекеніне аттанды, осы шаңырақта қазір бес келініммен бірге тұрамыз. Келіндеріме келетін болсам, шаңырақтың босағасын аттағалы бері бір-бірімен ренжісіп, сөзге келгендерін көрмедім. Бұл да аналарынан алған тәрбиенің жемісі болар. Енемнен алған өнегені келіндеріме де айтып жүремін. Ұрпақ қуанышына бөленіп отырған бақытты отбасымыз", — дейді Бәтима ана.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
4
5
7
2
47
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір