RU
Танымал актриса жүріс жасайтын еркектерге жесір әйелдерге баруға кеңес берді
Жаңалықтар Әлемде

Танымал актриса жүріс жасайтын еркектерге жесір әйелдерге баруға кеңес берді

Рассказать Вконтакте

Өзінің шулы мәлімдемелерімен танымал әзірбайжандық атақты актриса Кенуль Юсифгызы Facebook-та тағы бір жазба қалдырып желіні шулатты. Бұл жолы әртіс үйленген еркектерге жесір әйелдермен кездесуге кеңес берген деп хабарлайды Oxu.Az порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: oxu.az

Фото: oxu.az

"Ер азаматтар, нақсүйеріңіз ретінде жесір әйелдерді таңдаңыз. Бұл құдайға тиімді. Сіздер бәрібір әйелдеріңіздің көздеріне шөп саласыздар. Біздің қоғамда еркектердің бес пайызы ғана үйленген соң жүріс жасамағандарына ант бере алады. Ал қалған 95 пайызы әйелден бөлек тағы нақсүйер болған дұрыс дегенді қолдар еді.

Бір нақсүйер болса жарар еді, алайда кейде олар бірнешеу болып жатады. Сіздерге айтарым, 18-25 жастағылармен кездеспеңіздер, оларды нақсүйеріңіз етпеңіздер. Оларға университет бітіріп, отбасын құруға мүмкіндік беріңіз. Әйтпесе, кейін оларды қаралап, жезөкшеге теңеп жатасыздар. Мұны жасап жатқан өздеріңіз, қымбаттыларым менің", - деп жазады Юсифгызы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
4
2
9
29
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel