RU
Әблязовтың арнайы қызметпен қандай байланысы болған?
Жаңалықтар Қоғам

Әблязовтың арнайы қызметпен қандай байланысы болған?

Рассказать Вконтакте

Мұхтар Әблязовтың арнайы қызмет органдарымен құпия байланысы алғаш рет телеэкраннан көрсетілмекші. Бұл тұрғыда, Қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкерлері қылмыстық операциялардың құпияларын ашпақ деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мұхтар Әблязов

Мұхтар Әблязов
Source: UGC

КТК телеарнасының "Звали его Мурка" деректі фильмінің 3-ші бөлімінде бұрын-соңды айтылмаған жантүршігерлік материалдар көрсетілмек.

Деректі фильмде Қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың сенсациялық мәлімдемесі мен генералдың қылмыскерге түрмеден шығып, банк тонауды іске асыруда қалай көмектескені айтылмақ.

Оған қоса, Ержан Тәтішевтің өлімі жайлы бұрын-соңды айтылмаған мәліметтер мен оның өлімін мойындаған Мұратхан Тоқмадиді не себепті түрмеге отырмағаны, экс-банкирдің өліміне тапсырыс берген Мұхтар Әблязовтың неліктен елден қашып кеткені де айтылмақ.

Сонымен қатар, деректі фильмде қазақстандық шенеуіктер, кәсіпкерлер, қылмыскерлер мен арнайы мамандандырылған қызмет органдарының өзара байланыстары әшкере болмақ.

Сіздің реакцияңыз
8
4
1
1
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel