RU
Ақмола облысында 20 жыл бойы өлдіге санаған қарындасы ағасын тауып алды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақмола облысында 20 жыл бойы өлдіге санаған қарындасы ағасын тауып алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында адам сенгісіз оқиғалардың бірі орын алды. Аршалы ауданының тұрғыны Асылбек Баяжұма 20 жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен қарындасын тауып алды. Ағасы ұшты-күйлі жоғалған қарындасын ендігі қайтыс болды деп болжап келген. Бұл туралы Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Қазақпарат

Фото: Қазақпарат

Асылбектің айтуынша, оның туған-туыстары үйдің кенжесі - Жанботаның жарық дүниеде бар екендігінен күдер үзген. Өзі де ауық-ауық еске алып отыратыны болмаса, енді оны көремін деп ойламаған.

Алайда, күні кеше 20 жылға жуық уақыт бұрын айдың-күннің аманында көз жазып қалған кенже қарындасы қоңырау шалып, «Мен Жанботамын, аға, бармын, тірімін» дегенде төбесінен жай түскендей күй кешкен.

Жанбота 2001 жылы 9-шы сыныпты бітірген соң құрбысымен бірге оқуға құжат тапсыруға кетіп, содан оралмапты. Осы уақыт аралығында туыстарының іздеп бармаған жері жоқ. "Жди меня", "Бармысың бауырым" бағдарламалары арқылы да іздеу салды.

.2-3 жылдан соң өмір ағымымен іздеу жұмыстары да саябырси бастайды. Келе-келе ол тірі деген де үміт үзіледі. Алайда, 17 жылдан соң өлдіге саналған Жанбота ағасын өзі тауып алған.

«Кеше, яғни 1 сәуір күні анамыз Ғазиза марқұмның рухына құран бағыштап отырған сәтте қарындасымыз хабарласып, өзінің тірі екенін, бар екенін айтты. Аузыма сөз түспей, не дерімді білмей қалдым. 1 сәуірдің қалжыңы ма деп те ойладым. Алайда қонақтарым кеткен соң сөйлесе келе оның бар тағдырын білдім», -дейді Асылбек.

Мәлім болғандай, Жанбота үйден кеткен жолында бір дос қызымен Астана қаласына барады. Жастықпен «жұмысқа тұрып, өз бетіммен күн көрем» деген шешім қабылдайды. Кейін жақындары оны іздестіре бастағанда Алматыға қашып кетеді.

Алматыда жол көлік оқиғасына ұшырап, 1,5 жыл емделеді. Сол жылдары қыздармен бірге автокөлік ұрлығын жасап, 3 жылға сотталып кетеді. Түрмеден шыққан соң Талғар ауданында бір қойшы жігітке тұрмысқа шығып, 2,5 жылдан соң ортақ бала болмағандықтан ажырасады. Осыдан соң өз өмірін қолға алып, жаманшылыққа ұрындырған ортадан алыстайды.

Осынша оқиғаны бастан кешкен ол ағаларын іздеп баруға дәті бармайды. Қазіргі уақытта Жанбота Алматы қаласында жұмыс істейді екен. Бірер күн бұрын әлеуметтік желіде отырып, ойда-жоқта нағашы әпкесінің парақшасын тауып алады. Содан барлық туыстарының номерлерін алып, хабарласа бастайды.

Ақыры марқұм анасының өмірге келген күнінде ағасымен тілдеседі. Біздің кейіпкер аты-жөнін Жанна Шаяхметова деп өзгертіп алған көрінеді. Сол себепті ішкі істер органдарының іздеу жұмыстары нәтиже бермеген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
3
8
3
5
14
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір