RU
ОҚО-да танысын ұрып өлтірген жігіт сот алдына келді
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да танысын ұрып өлтірген жігіт сот алдына келді

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облысында 20 жастағы жігіт кісі өлтіргені үшін 11 жылға сотталды, деп хабарлайды Отырар арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Өткен жылдың тамызында Арыс АІІБ-нің кезекші бөліміне тұрғын үйлердің бірінен мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына барған полицейлер ер азаматтың мәйітін тауып алды. Ол жергілікті тұрғын екені белгілі болды.

Жедел-тергеу тобы 20 жастағы жігіт танысымен ішімдік ішіп отырып жанжалдасып қалғанын, салдарынан оның басынан темір затпен бірнеше рет ұрып, өлтіріп қойғанын, қылмысын жасыру мақсатында айғақ заттардың көзін жойып, мәйітті жасырмақ болғанын анықтады.

Бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, Арыс ҚІІБ Криминальдық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті тұлға "ізін суытпай" ұсталды.

Ол Арыс қаласының 1998 жылы туған тұрғыны екені анықталды.

Соттың шешімімен 20 жастағы жігіт адам өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel