RU
Таразда жантүршігерлік қылмыс жасаған экс-полицей мерзімінен бұрын босап шықты
Жаңалықтар Қоғам

Таразда жантүршігерлік қылмыс жасаған экс-полицей мерзімінен бұрын босап шықты

Рассказать Вконтакте

Таразда адам өлтіруге оқталу бабы бойынша айыпталып, 15 жылға бас бостандығынан айырылған Мұрат Үмбетәлиевтің жазасы қысқартылып, сот залынан босап шықты деп хабарлайды «КТК» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Таразда жантүршігерлік қылмыс жасаған экс-полицей мерзімінен бұрын босап шықты

Таразда жантүршігерлік қылмыс жасаған экс-полицей мерзімінен бұрын босап шықты

«Бамбук» деген лақап атпен танылған Үмбетәлиев апелляциялық шағым түсіріп, сот залынан үйіне босап шыққан.

Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы екі немесе одан көп адамды өлтіруге оқталу бабын, «денсаулыққа қаcақана ауыр зиян келтіру» және «бұзақылық» деп өзгерткен. Сөйтіп, Үмбетәлиев небәрі бес жыл шартты мерзімге кесіліп, босатылған.

Айта кетейік, тамыз айында бұрынғы облыстық экстремизге қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Үмбеталиев өзінің әріптесі Ерлан Бектұрғанов пен аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Марсел Жетпісбаевты пышақтап кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
4
0
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel