RU
Алматыда ақ халаттылардың салғырттығынан 20 жастағы келіншек қайтыс болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда ақ халаттылардың салғырттығынан 20 жастағы келіншек қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Алматыда кесарь тілігімен босанған 20 жасар келіншек ақ халаттылардың салғырттығынан қаза тапты деп хабарлайды «КТК» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қайтыс болған келіншек. Кадр КТК арнасы

Қайтыс болған келіншек. Кадр КТК арнасы

Ол босанғаннан соң екі аптадан кейін көз жұмған. Оның қазасына дәрігерлер себепші болған. Әнел Артықоваға ота жасау барысында инфекция түсіп, ішіне ірің жиналған.

Келіншек тоғыз ай баласын көтеріп, толғағы жеткен уақытта перзентханаға барған. 15 сағат бойы өздігінен босана алмаған Әнел Артықоваға кесарь тілігі жасалған.

Осылайша ол қыз баланы дүниеге алып келеді. 14 күн өткенде жас ананың жағдайы ушығып, жақындары жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған. Онда баланы жарып алу кезінде науқастың құрсағына инфекция түскені анықталыпты. Содан 2 литрдей ірің жиналған.

Айта кетейік, марқұмның артында екі бірдей баласы қалды. Үлкені бірге толса, екіншісі жаңа туған шақалақ.

«Науқастың денсаулығы дұрыс бағаланбаған. Мамандардың бейжай қарауы - жағдайының нашарлауына әкелді. Анализдерінің қорытындысы мүлдем ескерілмеген. Тиісті дәрігерлердің басқосуымен консилиум да ұйымдастырылмаған. Әрі әйел ауруханадан тым ерте шығарылыпты. Медицина мамандарының былығы әшкереленген сараптама қорытындысы ішкі істер департаментіне жіберіліп, сотқа дейінгі тергеу басталды», - дейді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Майра Үкібай.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
2
2
16
0
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel