RU

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел күйшейіп, тұман болуы мүмкін

Қазақстан территориясының басым бөлігіне антициклон әсерін тигізіп, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Тек республиканың солтүстік және шығыс бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде қар жауып, кей өңірлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі деп хабарлайды РМК Қазгидрометке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: РМК Қазгидромет
Фото: РМК Қазгидромет: UGC

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде - тұман, жел күші 15-23 м/с болады.

Атырау облысының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының Мұғаджар ауданында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел екпіні 23-28 м/с күшейеді. Алматы, Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде - тұман, күндіз - жел күші 15-22 м/с болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1724530-bgin-kazakstanny-basym-bliginde-zel-kjsejip-tman-boluy-mmkin.html