RU
Алып акула суда жүзген полицейлердің соңына түсіп, әбден әбігерге салды (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Алып акула суда жүзген полицейлердің соңына түсіп, әбден әбігерге салды (фото)

Рассказать Вконтакте

Австралиялық полицейлер қиын жағдайға тап болды. Олар мінген қайықты алып акула қуалаған. Бұл туралы тәртіп сақшылары Twitter парақшада жариялаған деп жазады NUR.KZ.

Фото: twitter.com

Фото: twitter.com

Оңтүстік Австралияда екі тәртіп сақшысы Эдитбург қаласының маңындағы жағалау суын бақылап жүрген. Олар кеме жүргізушілері алкогольдік ішімдік пен есірткі заттарын қолданбағанын тексеріп жатқанда жыртқыш балық соңына түсіп алған.

Полицейлер үлкендігі өздері мінген кемемен тең акулаға Ной деп ат қойып алыпты. Абырой болғанда, жыртқыш кемені біраз жағалап, әрмен қарай жүзіп кеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel