Алматы облысында жаңа аудан пайда болатын болды
Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысы Райымбек ауданын екіге бөлу туралы жарлыққа қол қойған деп хабарлайды Ақорданың баспасөз бөліміне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: BNews.kz
"Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қаулы етемін:
1. Алматы облысының Райымбек ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Кеген ауылында орналасқан Кеген ауданы, әкімшілік орталығы Нарынқол ауылында орналасқан Райымбек ауданы әкімшілік-аумақтық бірліктері құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
3
8
0
Тағы да оқыңыздар
Пікір