RU
Астанада сатушыларды сан соқтырған әйелге іздеу салынды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Астанада сатушыларды сан соқтырған әйелге іздеу салынды (фото)

Рассказать Вконтакте

Астанада алаяқтық бабы бойынша күдікке ілінген әйелге іздеу салынды. Ол дүкенде сауда жасап, 10 мың теңге төлегендей кейіп танытқанымен, шын мәнінде ақша қалдырмастан тайып тұрған деп хабарлайды NUR.KZ.

Астанада сатушыларды сан соқтырған әйелге іздеу салынды

Астанада сатушыларды сан соқтырған әйелге іздеу салынды
Source: UGC

Астанадағы ІІД-нің мәліметінше, суреттегі әйелдің үстінен бірнеше дүкен сатушысы шағымданған. Ол барған жерінде саудагерлерді сан соқтырып, алған затына ақша төлемей кетіп отырған.

"Ол сатушының назарын басқа нәрсеге аудару үшін майда тиындар ұсынып, тауардың сапасы туралы сөз қозғап тұрады екен. 10 мың теңгесін алғашында көрсетіп тұрғанымен, оны берместен шығып кететін көрінеді. Тіпті, төлемеген 10 мың теңгесі үшін қайтарым ақша алған кездері де болған", - дейді тәртіп сақшылары.

Астана қалалық ІІД күдіктіге іздеу жариялады. Шамамен ол әйел 35-40 жаста. Үстіне ішік киген.

Егер оны көріп-білгендер болса, полиция өкілдері 8 (7172) 71-67-90, 71-61-48 немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрап отыр.

Сіздің реакцияңыз
2
0
7
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel