RU
Ақтөбеде прокуратурадан араша сұрап келген әйел талып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде прокуратурадан араша сұрап келген әйел талып қалды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі көлік прокуратурасына шағым айтуға келген әйел ондағы дауға жүрегі шыдамай, талып қалды. Біраз уақыт бұрын шетелге заңсыз газ сатты деп айыпталған ұлы мен тағы алты адамды бір ай бұрын қалалық сот ақтап шығарған. Осыған қарамастан, прокуролар қарсылық шағым түсіріп, тыныштық бермей жүр екен деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеодан скриншот

Видеодан скриншот

Ақтөбенің газ бекеттеріне көгілдір отын тысамалдайтын төрт жүргізуші мен «Голд степ» компаниясының үш қызметкерін былтыр мемлекеттік кіріс департаментінің өкілдері Ауғанстанға газ сатты деген күдікпен ұстаған. Оларды алты ай тергеп, еш дәлел табылмаған соң босатқан екен.

Алайда құқық қорғау органдарының өкілдері олардың ақталғанын құптамай, қарсы шағым түсірген. Осыған ашынған ата-аналар көлік прокуратурасына наразылық білдіруге жиналған.

Видеодан скриншот

Видеодан скриншот

Арызын айта келгендерді прокуратурада қарулы күзетшілер қабылдауға кіргізбей қойған. Әділдік іздеп, жанайқайын жеткізген ата-аналардың шуынан, олармен кездесуге көлік прокуроры Абылайбек Орбаевтың өзі шықты. Прокурор сот үкіміне қарсылық шағым түсіргенін жасырмады. Бірақ жеті адамның ақталғанына не себептен келіспей отырғанын ашып айтудан бас тартты.

Көлік прокурорының қабылдауын күтіп, ғимараттың кіре берісіндегі қуықтай бөлмеде елуге жуық адам қамалып тұрды. Оларды ақыры ішке аттатпай қойған соң, жүрегі шыдамаған науқас ана сол жерде есінен танып қалды. Артынша жетпістен асқан әжейдің қан қысымы көтеріліп, екеуіне жедел жәрдем шақыртуға тура келді.

Енді прокурорлардың қарсылық шағымын облысық сотың қашан қарайтыны белгісіз. Өйткені процесс уақыты әлі нақтыланбаған екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір