RU
Таяуда Трамп пен Путин бетпе-бет кездесу мүмкін
Жаңалықтар Әлемде

Таяуда Трамп пен Путин бетпе-бет кездесу мүмкін

Рассказать Вконтакте

Дональд Трамп 20 наурызда Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, онымен бетпе-бет кездесу мүмкіндігін талқылаған. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс мәлімдеді деп хабарлайды centralasian.org-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ufuqnews.com

Фото: ufuqnews.com

АҚШ пен Ресей президенттері кездесуді қайда өткізу ыңғайлы екенін сөз еткен, Ақ үйде жүздесу мүмкіндігін де қарастырған. Сандерс екі мемлекет басшыларының қашан кездесетінін айтпады, мұндай жүздесу "жақын уақытта" болуы мүмкін деумен шектелді.

Трамп Путинді кездесуге шақырғанын бұған дейін Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков хабарлаған еді. Ол "Скрипаль ісі", содан кейін дипломаттарды елден шығару әрекеттері президенттердің кездесуін қиындатып жіберді деген.

Трамп пен Путиннің телефонмен сөйлесуі АҚШ бастамасымен жүзеге асты. Сол кезде АҚШ президенті Путинді президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтаған. The Washington Post мәліметіне қарағанда, Ақ үй Трампқа бұлай жасамауға, әңгімені "Скрипаль ісінен" бастауға кеңес берген. АҚШ президенті болса Ресеймен қарым-қатынасы жақсы екенін твиттерінде жазған.

26 наурызда Вашингтон Ресейдің 60 дипломатын елден шығарып, Сиэтлдегі консулдығын жабу туралы шешім шығарды. Мұндай қадам Ұлыбританияда Бас барлау басқармасының бұрынғы офицері Сергей Скрипаль мен оның қызына у беруіне байланысты жасалды. Мәскеу оған АҚШ-тың 60 дипломатын шығарып, Санкт-Петербургтегі консулдықты жабу арқылы жауап берді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір