Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да "зорланды" деген 7 жасар баланың ісімен шетелдік сарапшылар айналысады

Опубликовано:

ОҚО-да "зорланды" деген жеті жасар баланың ісіне шетелден сарапшы мамандар тартылды. Бұл туралы қоғам қайраткері Аружан Сайын өзінің Instagram парақшасында мәлімдеген деп жазады NUR.KZ.

Істің ақ-қарасын ажырату үшін Қырғызстан, Грузия мен Ресейден арнайы мамандар шақыртылыпты.

"Біз осыдан кейін шынайы ақпаратқа қол жеткіземіз деп сенеміз. Сексуалдық зорлық-зомбылық бойынша тергеу үнемі жабық режимде өтетіндіктен, ешкім оның барысын мәлімдеп отырмайды. Барлық түсініктемені Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы беруі керек. Алда басқа да сараптамалар жасалады", - деп жазған қоғам қайраткері.

Бұдан бөлек, Аружан Сайын баланың анасына қолдау білдіріп, оған көмек көрсетіп отырған адамдарға алғысын жеткізді.

Еске салсақ, ОҚО-да 7 жастағы баланы зорлады деген ақпарат ел ішінде резонанс тудырған еді. Аталған істің немен аяқталатыны әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1724556-oko-da-zorlandy-degen-7-zasar-balany-isimen-seteldik-sarapsylar-ajnalysady/

pixel