RU
Ғалымдар: Шоколад өмірді ұзартады
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ғалымдар: Шоколад өмірді ұзартады

Рассказать Вконтакте

Шоколадтың құрамын зерттеп, оның ағзаға көптеген пайдалы тұстарын анықтаған ғалымдар оны күн сайын тұтынатын болған деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Атақты британдық диетолог Роб Хобсон ұзақ өмір сүру үшін шоколадтың тигізетін әсерін ерекше атап өтті.

Ғалымдар мәліметіне сүйенсек, тәттінің құрамындағы заттар ағзада "дофамин" рахаттану гормонын бөліп қана қоймай, дәріханада қымбат бағамен сатылатын дәрумендей әсер етеді.

Шоколадтың құпиясы мынада: какао - адам ағзасына қажет минералдар мен заттардан тұрады. Ол өз кезегінде сүйектің сау болуын қамтамасыз етіп, бұлшық еттің босаңсуына алып келеді.

Оған қоса, шоколад пен какао ойлау жүйесін дамытып, мидың "жастығын" сақтауға көмектесетін "фенилэтиламин" дәрежесін көтеруге де көмектеседі екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel