RU
Астанаға газ тартылған соң жылу бағасы 60 пайызға дейін қымбаттамақ
Жаңалықтар Қоғам

Астанаға газ тартылған соң жылу бағасы 60 пайызға дейін қымбаттамақ

Рассказать Вконтакте

Астанаға газ тартылған соң жылу тарифі 60 пайызға дейін қымбаттайды. Сенаторлар алдында қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов осылай деді деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Астанаға газ тартылған соң жылу тарифі 60 пайызға дейін қымбаттайды

Астанаға газ тартылған соң жылу тарифі 60 пайызға дейін қымбаттайды

Мамандардың айтуынша, жылу тарифіне газ ақысы және оны 1400-дей шақырымға тасымалдаудың құны кіреді. Елордаға газ тартылған соң, жылу электр орталықтарындағы су жылытқыш қазандықтар түгелдей газға ауыстырылады.

Қазір оның жобалау құжаты дайын. Бірінші жылу орталығының жобалық құны 47 миллион теңге, ал екіншісі 49 миллион теңге деп есептелген.

"Газ келген кезде біз тарифті 50-60 пайызға көтереміз. Қалаға газ келгенімен №3-ші жылу орталығының құрылысы тоқтамайды. Ол энергияның баламалы көзі болып қала бермек. Өйткені Астанада жыл сайын 2 миллион шаршы метр үй пайдалануға беріледі. Ондағы тұрғындарға да қуат көзі керек", - дейді Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір