Масқара: Эстонияға барған Қазақстан саясаткерлеріне Боратты көрсетті
Эстонияның ІІД-не Қазақстаннан вице-премьер Асқар Жұмағалиев бастап барған делегация ұятты жағдайға қалды. Эстониялық шенеуніктер өздерінің презентациясына дау тудырған Борат фильміндегі бас кейіпкердің суреттерін қолданған деп хабарлайды ERR сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kinopoisk.ru
Қазақстандық делегациядан презентация авторы ғана емес, Эстонияның Ішкі істер министрі Андрес Анвельттің де кешірім өтінуіне тура келді.
Айтуларынша, бұл өте ақылға сыйымсыз мысал болған. Абырой болғанда, автор өз қателігін түсініп, мәселені бірден шешкен.

Фото: primeminister.kz
Delfi басылымының мәліметіне сүйенсек, Асқар Жұмағалиев бастаған қазақстандық делегация Эстонияға өткен аптада барған.
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
24
2
6
0
1
0
0
Тағы да оқыңыздар
Пікір