RU
Өзіне табыт жасап кеткен ер азамат пәтерінен өлі күйінде табылды
Жаңалықтар Әлемде

Өзіне табыт жасап кеткен ер азамат пәтерінен өлі күйінде табылды

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Калининград қаласындағы жаңадан салынған үйлердің бірінен ер адамның денесі табылды. Белгілі болғандай, ол көзінің тірісінде өзіне табыт дайындап кеткен деп хабарлайды dom.lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден табылды

Көрнекі фото желіден табылды
Source: UGC

Калининградтағы Кошево көшесінде жаңадан салынған үйлердің бірінде бейтаныс ер адамның денесі табылған. Ең таңғалдырғаны - пәтер ішінен табылған табыт. Марқұм көзінің тірісінде өзіне-өзі арнайы табыт дайындап кеткен болып шықты.

Тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерді су басқандықтан, үстіңгі қабатты тексеру барысында төртінші қабаттағы бір пәтердің есігі ашылмаған. Тексерісті тұрғындар полицейлер мен басқарушы компания өкілдерінің көзінше жасап, пәтер есігін бұзып ашуға мәжбүр болған.

Нәтижесінде ер адамның денесі табылды. Ол соңынан хат қалдырып кткен. Онда ол денесін дәл осы табытқа салып жерлеуін өтінген. Мамандардың айтуынша, марқұмның денесінің жатқанына шамамен бір ай өтсе керек.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
2
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel