RU
"Қазақстан аруы" атанған бойжеткен жалған дауыс жинады деп айыпталуда (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Қазақстан аруы" атанған бойжеткен жалған дауыс жинады деп айыпталуда (видео)

Рассказать Вконтакте

"Қазақстан аруы-2018" атанған Әлфия Ерсайын жалған дауыс жинаған деп айыпталуда. Бұл жайында NUR.KZ хабарлайды.

«Қазақстан аруы» атанған Әлфия Ерсайынды жалған дауыс жинады деп айыптады (видео). Фото: NUR.KZ

«Қазақстан аруы» атанған Әлфия Ерсайынды жалған дауыс жинады деп айыптады (видео). Фото: NUR.KZ

Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеода жеңімпазға дауыс беру жылдам артып жатқанын байқауға болады.

Ал қазылар алқасының басшысы Ырза Тұрсынзада бес финалға қатысушының қазылар алқасы тарапынан жоғары балға ие болғанын айтты. Тек содан кейін барып, халықтың дауыс беруі басталған.

«Әлфия бұл атаққа расымен де лайықты. Ол 16 жаста. Қарапайым отбасыда дүниеге келген. Ол өз сұлулығымен, жігерімен бірден көзге түсті. Мен қазақтың барлық қызы Әлфиядай болғанын қалар едім», - деді Ырза.

Конкурстың техникалық бөліміне жауап беруші Раим Дадыбаевтың айтуынша, сол күні серверге тіркелушілер саны 70 мыңнан асып кеткен. Сондай-ақ ол әр бес секунд сайын 200 дауыстан артып отырғанын алға тартты. Ол байқаудың әділ әрі ашық өткенін айтып берді.

Айта кетейік, «Қазақстан аруы-2018» байқауы Астана қаласында өткен болатын. Байқау қорытындысы бойынша 16 жастағы атыраулық Әлфия Ерсайын жеңімпаз атанып, үш миллион теңге мен «Әлем аруына» жолдамаға ие болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
0
1
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel