Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дағыстанда қызғаншақ жігіт өз қалыңдығын таспен ұрып өлтірген (видео 18+)

Опубликовано:

Дағыстанда өз қалыңдығын таспен ұрып тастаған ер азамат тұтқындалды. Сансыз жарақат алған бойжеткен оқиға орнында жан тапсырған деп хабарлайды kaktus.media-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Желіде жол бойында ер адамның бойжеткенді аяусыз соққыға жығып жатқан видеосы тарап кеткен болатын. Бейнежазбада қолына үлкен тас ұстап алған жігіттің қызды басынан төмпештеп жатқаны байқалады.

Ең сорақысы, бұл оқиғаны көргендердің ешқайсысы да көмектесуге ұмтылмапты.

Дағыстан ІІМ-нің хабарлауынша, қылмыскер ұсталып, оған қатысты тергеу жұмыстары басталып кеткен.

Ер жігіт өзінің қалындығын көзіне шөп салды деп кінәлап, таспен ұрып өлтірген. Аса ауыр жарақат алған бойжеткеннің өмірін дәрігерлер сақтап қала алмады.

Ескерту! Жүйкесі жұқа адамдарға көруге кеңес бермейміз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1724592-dagystanda-kyzgansak-zigit-z-kalydygyn-taspen-ryp-ltirgen-video-18/

pixel