RU
Қайтыс болған адамның аккаунтын қалай жоюға болады?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қайтыс болған адамның аккаунтын қалай жоюға болады?

Рассказать Вконтакте

Қайтыс болған адамның әлеуметтік желілердегі аккаунтын қалай жоюға болады? Baq.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ назарларыңызға пайдалы топтаманы ұсынады.

Көрнекі фото: topgeek.com.ua

Көрнекі фото: topgeek.com.ua

Instagram әлеуметтік желісінде қаза болған адамның аккуантын өшіру үшін қайтыс болған адамның туу туралы куәлігі, қайтыс болған адамның өлімін растайтын куәлік, жергілікті заңнамаға сәйкес, қайтыс болған адамның заңды өкілі немесе оның мүлкін басқарушысы екеніңіздің дәлелдейтін құжат керек. Аккаунтты жоюды талап ету үшін мына сілтеме бойынша өтініш үлгісін толтыру қажет

Сол сияқты Facebook әлеуметтік желісі де қайтыс болған жақын адамның аккаунтын мына сілтеме арқылы өтіп жоюға болады. Бұл үшін де өз туыстық жақындығыңызды және пайдаланушының қайтыс болғанын растау қажет болады.

Одноклассники сайтының әкімшілігі қаза тапқан адамның парақшасын туыстардан жолданған арнайы өтініш бойынша ғана жоя алады. Сіздің сұрауыңыз қанағаттандырылуы үшін қайтыс болған адамның парақшасына сілтеме, сондай-ақ, жолданған хатқа қоса тіркелген кісі өлімі туралы куәлікті де ұсыну қажет. Егер, сілтемені таппаған жағдайда, пайдаланушының аты-жөнін, жасын, тұрған қала атауын жазуға болады.

Мұндай өтінішті мына сілтеме арқылы толтыруға болады. Алайда, мұндай қайғылы жағдай орын алса да, сайт әкімшілігі сізге қайтыс болған адамның парақшасы жайлы ешқандай ақпарат, логин мен құпиясөзді де ұсынбайды.

Сонымен қатар, вконтакте әлеуметтік желісінің әкімшілігі де туыстардан жолданған өтінішті қарастыра алады. Мәртебені растау үшін кісі өлімі туралы куәліктің фотосуретін немесе көшірмесін ұсынып, оны сәйкес үлгіде қолдау көрсету қызметіне жолдау қажет. Бұл әрекеттердің барлығын мына сілтеме арқылы орындауға болады.

Twitter пайдаланушысы қайтыс болған жағдайда сайт әкімшілігі оның есептік жазбаларын өшіре алады. Ол үшін қолдау көрсету қызметіне оның құқық мұрагері немесе жақын туысы хабарласып, өзінің тұлғасын растауы керек және өтінішті мына сілтеме арқылы жолдай алады.

Өтінішті жолдағаннан кейін әкімшілік сізге қосымша ақпараттарды ұсынуыңыз үшін нұсқаулықты сіздің электрондық поштаңызға жібереді. Бұл жағдайда пайдаланушыға ол ақпараттардың құпиялылығы және қаралғаннан кейін барлық құжаттың жойылатынына кепілдік беріледі.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel