RU
Тілі аузына сыймайтын балақайдың ата-анасы жанұшыра көмек сұрап жатыр
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Тілі аузына сыймайтын балақайдың ата-анасы жанұшыра көмек сұрап жатыр

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанда 11 жастағы Анарбай есімді балақай осымен бірнеше жыл қатарынан гемангиома дертіне шалдығып, одан айыға алмай келе жатыр. Қиындығы сол, баланың өз тілі ұртына сыймай, мазасын кетіреді екен. Бүгінде бүлдіршіннің ата-анасы оның еміне қаржы іздеп, жан ұшырып жүр деп хабарлайды kaktus.media-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тілі аузына сыймайтын балақайдың ата-анасы перзентінің дертіне ем таппай, жанұшырып жүр

Тілі аузына сыймайтын балақайдың ата-анасы перзентінің дертіне ем таппай, жанұшырып жүр

Кішкентай Анарбайдың тағдырына қоғам белсенділері бей-жай қарамаған. "Жедел көмек" қоғамдық қорының жетекшісі Динара Аляева баланың ауыз қуысында пайда болған гемангиоманы (авт. ісік) алып тастау үшін, пластикалық операция қажет деп отыр.

"Мен Анарбай мен оның әкесі Алтынбекпен таныстым. Балада туа біткен гемангиома бар. Ошта жасалған сәтсіз отадан кейін ісік өрши түскен. Қазір тіпті, ісіктің өсіп кеткені соншалық баланың тілі аузына сыймамын күйге жеткен. Балақайдың бетінде де дақтар пайда болған. Мен Анарбайдың әкесіне тәнті болдым. Көп жандар баласына осындай күн туа қалса болды, ат тонын ала қашады. Ал, ол перзентін емдеймін деп, жан ұшырып жүр", - деп өз парақшасында жазба қалдырған қоғам белсендісі.

Баланың емі үшін жыл сайын 300 мыңнан астам сом жұмсалып отырыпты. Абырой болғанда Ресей қоры қаржымен көмек көрсетіп келген.

"Бала мен оның ата-анасы Қазақстанға да барып көрген. Ол жақтағылардың емінен түк шықпаған көрінеді. 11 жыл бойы бала әбден қиналған. Дәрігерлер толық емдей алмаған. Қазір оған емнен бұрын, платискалық ота қажет болып тұр", - деп мән-жейды түсіндірген қор жетекшісі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
20
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel