RU

Ресейлік келіншек бір жарым айлық баласымен бірге терезеден секіріп кетті

1 сәуір күні Ресейдің Ленинград облысы, Сясьстрое Волховского ауданында баласын қолына ұстаған әйел терезеден секіріп кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Космонавтов көшесінде орын алған оқиғада бесінші қабаттан құлаған бір жарым айлық сәби бірден көз жұмған. Ал анасы ауруханаға жеткізілгені, бірақ есін жимастан ол да қайтыс болды.

Тергеу комитетінің мәліметіне сүйенсек, 32 жастағы әйел жүйке ауруларына шалдығып, емханада есепке алынған екен. Қайғылы оқиға орын алған пәтерге олар 30 наурыз күні келіпті.

"Тергеушілер оқиға орны мен марқұмдардың денесін тексеріп, сот-медициналық сараптамаларын жүргізген", - деп мәлім етті Ресейдегі Ленинград аудандық Бас тергеу басқармасының тергеу комитеті қызметкерлері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1724611-resejlik-kelinsek-bir-zarym-ajlyk-balasymen-birge-terezeden-sekirip-ketti.html