RU
Танымал әнші өзінен суынып кеткен күйеуін қалай қайтарғанын айтып берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Танымал әнші өзінен суынып кеткен күйеуін қалай қайтарғанын айтып берді

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Алма Аманжолова күйеуінің өзіне деген сезімінің ортайғанын сезіп, бақытсыздықтың алдын алған күндерін айтып берді деп хабарлайды «Әйел сыры» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алма Аманжолова: Ер азаматымның өзіме көңілі ортайғанын сездім. Фото:shalkarfm.kz

Алма Аманжолова: Ер азаматымның өзіме көңілі ортайғанын сездім. Фото:shalkarfm.kz

Әнші бала босанған соң өзіне қарауды қойған.

«Көбінесе әйел қауымы отбасын құрып, кішкентайлы болған кезде бар назары балада болып, күні-түні ұйқысы қанбай, шаршаңқы кезді бастан кешіреді. Мен баламен отырған кезімде өзіме қарамаппын. Қол тимейтін. Ешкім көріп жатқан жоқ, өзіңнің үйіңдесің. Бірақ ер адам бәріне мән береді екен. Содан саған мән беруді қойып, басқа әдемі келіншектерге қарайды. Соған жол бермеу үшін үйде де жақсы киініп, күтініп жүруің керек. Мұндай пікірге келген себебім, ер азаматымның өзіме көңілі ортайғанын сездім. Қателікті одан емес, өзімнен іздедім», - дейді дәстүрлі әнші Алма Аманжолова.

Әнші жас келіншектерге тек түзде ғана емес, үйде де әдемі болып жүруге кеңес берді.

«Қазақтың ер-азаматтары қызық қой. «Не үшін әдеміленіп алғансың? Кім үшін киініп алғансың?» деп таңданыс білдірді. Мен үйге арнайы киім сатып аламын. Ұйқыңызды қандырып, көзіңіз жайнап жүрсе, сізден әдемі адам жоқ», - деп құпиясымен бөлісті әнші.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
1
1
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір