RU
Бүркіттің жары Аиша үшінші сәбиін су ішінде босанбақшы
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бүркіттің жары Аиша үшінші сәбиін су ішінде босанбақшы

Рассказать Вконтакте

Үшінші сәбиін күтіп жүрген Бүркіттің жары бұл жолы суда босануға шешім қабылдаған. Бұл туралы ол comode.kz сайтына берген сұхбатында айтты деп жазады NUR.KZ.

Бүркіт пен Аиша. Фото: Instagram

Бүркіт пен Аиша. Фото: Instagram

Жұлдызды жұп бүгінде Зейін, Омар есімді екі ұл тәрбиелеуде. Ал үшінші сәбидің жынысын олар құпия сақтап отыр.

Аиша бұл жолғы жүктілігінің күрделі өтіп жатқанын жеткізді.

«Екінші баламнан соң, толық емделіп үлгермедім-ау. Бұрынғы жүктіліктеріме қарағанда қиын өтіп жатыр. Ешқайда барғым келмейді. Үйден шыққым келмейді. Ал шығармашылық жұмыстарым қазір тоқтап тұр», - деді Аиша.

«Бүркіт босанатын уақытымда серіктес болуға ықылассыз. Оның үстіне өзім де ыңғайсызданамын. Бірінші баламды босанғанда өзімнің анам бірге кірді. Ал екіншісін дәрігерлердің көмегімен, үш сағатта босанып алдым. Үшінші сәбиімді суда босанамын», - деп ағынан жарылды Бүркіттің жары.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
2
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel