RU
"Жағдай қиын": Сағынтаев ШҚО-ға тағы да ақша бөлуді тапсырды
Жаңалықтар Қоғам

"Жағдай қиын": Сағынтаев ШҚО-ға тағы да ақша бөлуді тапсырды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан үкіметінің басшысы Бақытжан Сағынтаев құзырлы органдарға су тасқынымен күрес үшін Шығыс Қазақстан облысына 2 млрд теңге бөлуді тапсырды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Жағдай қиын": Сағынтаев ШҚО-ға тағы да ақша бөлуді тапсырды

"Жағдай қиын": Сағынтаев ШҚО-ға тағы да ақша бөлуді тапсырды

Бүгін үкімет отырысында күн тәртібіне шығарылған мәселелер қаралып біткен соң, премьер-министр ішкі істер министрінен көктемгі су тасқыны болып жатқан өңірлердің ахуалы қандай екенін сұрады.

Әсіресе, бірнеше күннен бері тасқын сумен күресіп жатқан Шығыс Қазақстан облысының жағдайы басты назарда болды.

"Шығыс Қазақстан облысының жағдайы аса күрделi. Қазiргi таңда онда 396 үй мен 185 аула су астында қалып отыр. Осыған байланысты Семей қаласында, Аягөз, Зырян және Шемонаиха аудандарында жергiлiктi ауқымды төтенше жағдай жарияланды. Апаттық-құтқару және кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жасауға 1 мыңнан аса адам, 200 бiрлiк техника, 96 мотопомп және 10 қайық қатысуда. Мемлекеттiк-материалдық резервтен Шығыс Қазақстан облысына 8 бiрлiк техника және жылжымалы электр стансалары берiлдi", — деді ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымов.

Ішкі істер министрінің есебінен кейін Сағынтаев сөзді ШҚО әкімі Даниал Ахметовке берді. Аймақ басшысы елді мекендерде тасқыннан зардап шеккен үйлерді жөндеу жұмыстары басталып кеткенін мәлім етті.

Премьер-министр облысқа үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті.

"Даниал Кенжетайұлы, сіздің жазған хатыңыз келіп түсті. Көмек ретінде қосымша қаражат бөлінеді. Облысқа 2 млрд теңге сұралды. Бақыт Тұрлыханұлы (қаржы министрі – ред.ескерт) тиісті шешімдерді шұғыл түрде дайындаңыз. Асқар Ұзақбайұлы (премьер-министрдің бірінші орынбасары –ред.ескерт.) республика бойынша күрделі жағдайдың бәрі сіздің бақылауыңызда", — деп тапсырды премьер.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel