RU
Алматыда жолдан жүгіріп өтпекші болған ер адам жүк көлігінің астына түсті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда жолдан жүгіріп өтпекші болған ер адам жүк көлігінің астына түсті

Рассказать Вконтакте

Әуезов пен Төле би көшелерінің қиылысында жолдан жүгіріп өтіп бара жатқан ер адамды жүк көлігі қағып кетті деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне құқық қорғау органдары.

Алматыда жолдан жүгіріп өтпекші болған ер адам жүк көлігінің астына түсті

Алматыда жолдан жүгіріп өтпекші болған ер адам жүк көлігінің астына түсті
Source: UGC

Төле би көшесімен келе жатқан КамАЗ көлігі Әуезов көшесіне жете бергенде екі ер адам рұқсат етілмеген жерден жүгіріп өтпек болады.

Жүк көлігінің жүргізушісі екеуін қағып кетпеу үшін солға бұрылып, трамвай жолына шығып кетеді де, тежегішті басады.

Жаяу жүргіншілердің бірі жолды кесіп үлгерген, ал екіншісі көліктің астына түсті. Ол бас сүйек жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында Алматы қаласы жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel