RU
Ауру ұлын масыл болғаны үшін өлтіруге оқталған ана жаға ұстатты
Жаңалықтар Әлемде

Ауру ұлын масыл болғаны үшін өлтіруге оқталған ана жаға ұстатты

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тағы Мэриленд қаласының тұрғыны Кристина Наранч Петри өзінің 11 жасар ұлының басын кесіп алмақ болғаны үшін айыпталуда. Өз қылығын ол қоғамды мүгедек балаларымен "ластағысы" келмегенімен түсіндірді деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

11 жасар баланың айтуынша, ол сабақтан келіп бөлмесінде компьютер ойнай тұрмақшы болған кезінде қолына жақ тәрізді араны ұстаған ашулы Кристина кіріп келген. Ол ұлының мектептен келіп бірден үй жұмысын орындауға кіріспегеніне ызалы болыпты.

Анасынан шошып қалған бала сабаққа кірісер алдында, компьютерде отыра тұрғысы келгенін түсіндіре алмаған. Ұлының сөзін елемеген Кристина оны тізерлетіп отырғызып басын арамен кесіп тастауға бекінді. Абырой болғанда, қылмысын іске асырымаған.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Оқиғадан кейін 46 жастағы әйел жолдасына хабарласып, болған жайтты айтып берген. Күйеуі бірден Кристинаны ауруханаға жеткізгенде, ол мүгедек балаларына қалай көмектесе аларын білмей тығырыққа тірелгенін айтып ашынды.

Оның айтуынша, заманауи қоғамда мүгедек баласының өзгелерге масыл болуын қаламағандықтан, оны өлтірмекші болған. Қазіргі таңда әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Оның қорғаушысы Шарон Диамант Кристинаның өз балаларын жақсы көретінін айтқанымен, оның жүйке жүйе денсалығына қатысты ақпарат беруден бас тарты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel