RU
Ақтөбеде анасы тастап кеткен қыздың денесі көгеріп, қызуы көтерілген
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде анасы тастап кеткен қыздың денесі көгеріп, қызуы көтерілген

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік еріктілер тобы анасы тастап кеткен бүлдіршіннің қандай жағдайда табылғанын айтып берді. Баланың аяғы көгеріп, қызуы көтеріліп жүрген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

ақтөбе
"Біз тұрақты түрде көмектесіп жүрген отбасының жағдайын білуге барған болатынбыз. Оның үйінде басқа кішкентай баланың жүргенін көрдім. Баланың қараусыз екені көрініп тұрды. Қызуы көтеріліп кеткен, оның үстіне аяғында көгерген жерлері бар. Бала жөтеліп, әлсіз жүрді. Жедел жәрдем де шақырдық. Мамасы болмағаннан кейін олар баланы қарай алмайтындарын айтты. Сол кезде полицияға жағдайды айтып, хабар бердік", - дейді Zello Aktobe тобының еріктісі Екатерина Голотина.

Полиция қызметкерлері жасқа толмаған қыз баланы тастанды балалар үйіне орналастырған соң, анасы бір күннен кейін табылған.

ақтөбе

Жасқа толмаған бүлдіршіннің тағы екі бауыры бар болып шықты.

"Бүлдіршін балалар үйіне 2018 жылдың 26 наурыз күні жеткізілді. Жасөспірімді Сазды полиция бөлімшесінің қызметкерлері мен еріктілер тобы әкелді. Қазір София есімді баланың жағдайы жақсы. 29 наурыз күні баланың "Үміт" балалар үйіне анасы келіп, жағдайын білді. Әйел тастап кетуіне бір жағдайлар болды деді. Тергеу жұмыстарын ІІД қызметкерлері жүргізетін болады. Баланың 2006, 2010 жылғы екі ағасы бар", - дейді "Үміт" сәбилер үйінің әлеуметтік педагогы Жанна Тастанова.

София есімді бүлдіршін 18 сәуірде 1 жасқа толады. Ал анасынан полиция қызметкерлері жауап алып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel