RU
Алматыдан "ескі-құсқы" автобус сатып алған атыраулықтар елдің ашуына тиді
Жаңалықтар Қоғам

Алматыдан "ескі-құсқы" автобус сатып алған атыраулықтар елдің ашуына тиді

Рассказать Вконтакте

Атырау билігінің қаладағы қоғамдық көлік мәселесін шешу үшін Алматыдан ескі 19 автобус сатып алғанына атыраулықтар наразылық танытты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Алматыда жарамсыз болып қалған автобустарды Атырау сатып алған

Алматыда жарамсыз болып қалған автобустарды Атырау сатып алған

"Жаңа автобустар келді дегенде қуанып едік. Мініп қарағанда шошып кеттік. Өте ескі, отырғыштар жыртылған, еденін дат басып жатыр. Отыру тұрмақ, кіру жүректі айнытады. Шаң-шаң, тіпті Алматы қаласындағы бағыттардың нөмірін алып тастамаған. Қызым айтады бұл ескі автобустар Алматы қаласының сыртында қатынайтын еді деп. Ескі-құсқыны әкелгені ұят болды", - деп шағымданды Атырау қаласының тұрғыны Асыл Майдағалиева.
Алматыдан "ескі-құсқы" автобус сатып алған атыраулықтар елдің ашуына тиді

Алматыдан "ескі-құсқы" автобус сатып алған атыраулықтар елдің ашуына тиді

Шынында да, қоғамдық көлікке мініп көрсеңіз, лас әйнектер мен шаң басқан және жыртылған отырғышты көзіңіз шалады.

Атырау қаласындағы қоғамдық көліктерге жауап беретін компания болса қаражаттың жоқтығын айтып, ақталды.

Алматыдан "ескі-құсқы" автобус сатып алған атыраулықтар елдің ашуына тиді

Алматыдан "ескі-құсқы" автобус сатып алған атыраулықтар елдің ашуына тиді

"Бұл көліктер бұрын Алматы қаласында қолданыста болған. Осыған дейін өзіміздің автобустарымыз болды. Бірақ қаражаттың жеткіліксіз және қосалқы бөлшектердің қымбат болуына байланысты ол көліктер тоқтатылып, Алматыдан осы көліктерді әкелдік. Біз қазір кәсіпорындарға бензин үшін 40 млн теңге, қосалқы бөлшектер үшін 12 млн теңге берешекпіз. Қарыз бен шығынды азайту мақсатында осы көліктерді сатып алдық", - дейді «АйсТрансХолдинг» ЖШС директоры Берік Жетпісбаев.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
22
4
2
0
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel