Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал қазақ ақынымен шетелде демалып жүрген Волочкова ел назарын аударды (фото)

Опубликовано:

Анастасия Волочкова өзінің Іnstagram парақшасына кезекті шпагат жасап тұрған суретін жүктеген. Алайда, осы жолы оның қасынан танымал қазақ ақыны Хәкім Бөлібеков бой көрсетті деп хабарлайды life.ru-ға сілтіме жасаған NUR.KZ.

Ресейлік балерина желіде өзінің шпагат жасап тұрған суреттерімен танымал. Сондай кезекті фотосында ол аяғына тіреуіш ретінде қазақ ақынын пайдаланған.

Хәкім Бөлібековпен түскен сурет Пхукеттегі зәулім үй ауласында жасалған. Балерина фото анықтамасына:

«Байыпты да талантты адамдар да тентек бола алады. Өмірге қуану нағыз - байлық пен бостандық емеспе?!», - деген жазба қалдырған.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Санаулы сағаттарда бұл сурет төрт мың жарымдай "лүпіл" жинап үлгерді. Алайда, Волочкова фото астындағы комментарийлерді жауып қойған көрінеді. Балеринаның бұл әрекетін не себепті жасағаны белгісіз.

Алайда, наразы халық бұл мәселеден шығу жолын тауып алды. Олар негативті пікірлерін Анастасияның басқа суретінің астына жазуды бастаған.

«Бұл тентектік емес, барып тұрған ұят дүние!», - деп жазды желі қолданушылары.
"Қайтадан аяғыңды көкке көтеріп, шаршамайды екенсің", - деп наразылығын білдіріп жатты көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1724699-tanymal-kazak-akynymen-setelde-demalyp-zrgen-volockova-el-nazaryn-audardy-foto/

pixel