Выйти
RU

Павлодарда танысына ақша беруге шыққан бойжеткен жоғалып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгінгі күні павлодарлық 22 жастағы бойжеткенді полиция қызметкерлері мен еріктілер іздестіріп жатыр. Анасының әріптесіне ақша апарып беруге аттанған бойжеткен уәделескен жеріне жетпеген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Еріктілердің айтуынша, 1 сәуір күні үйінен шығып кеткен бойжеткенді содан кейін адам баласы көрмепті. Ол анасының есепшотынан ақша алып, қаражатты оның әріптесіне жеткізу керек болған.

«Анасының ақшасымен қашып кетті деп жазылып жатқан ақпараттың бәрі жалған. Есепшоттан ақша алынғаны да әлі расталған жоқ. Ол тіпті кездесу орнына да жетпеген болып шықты. ІІД-де айтқандай, бойжеткеннің ұялы телефонына соңғы қоңырау сағат 6 шамасында соғылған. Ол қыздың жоғалып кету уақытысымен тұспа-тұс келіп тұр», - деп айтты еріктілердің бірі.

Оған қоса, Сабина сол күні өз жалақысын да алып кету керек болған. Ол жергілікті мейрамханада даяршы болып жұмыс істейді.

Чернорецкое тумасы Павлодар қаласына оқуға келіп, тәтесінің қолында тұрған. Кідіріп жатқан жағдайда міндетті түрде ескертіп тұрған қыз жоғалып кеткен күні хабарласпапты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Павлодарда танысына ақша беруге шыққан бойжеткен жоғалып кетті