RU
Жекпе-жектен кейін көз жұмған боксшы жеті адамның өмірін сақтап қалды
Жаңалықтар Әлемде

Жекпе-жектен кейін көз жұмған боксшы жеті адамның өмірін сақтап қалды

Рассказать Вконтакте

Британдық боксшы Скот Вестгарттың анасы ұлының өлімінен кейін дәрігерлерге ағза мүшелерін пайдалануға рұқсат берді деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі The Boxing Post сайтына сілтеме жасап.

Қайтыс болған боксшы жеті адамның өмірін сақтап қалды

Қайтыс болған боксшы жеті адамның өмірін сақтап қалды

Қайтыс болған боксшының ағза мүшелері жеті адамның өміріне араша түскен. Вестгарт ақпан айының соңында Дек Спелманға қарсы өткен жұдырықтасудан кейін көз жұмды.

Британдық боксшы төрешілердің шешімі бойынша кездесуде ұпаймен жеңіске жетіп, кейіннен өзін нашар сезініп тұрғанын айтады.

Жарыс барысында қос боксшы да нокдаунға түскен. Вестгарт киім шешетін бөлмеге әрең жеткен, кейінірек жағдайы нашарлап, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліпті.

Боксшы есін жимастан миына қан құйылғандықтан көз жұмады. Ол небәрі 31 жаста болған еді.

Айта кетейік, дәл осындай жағдай 2017 жылдың қараша айында болған. Ол кезде 24 жастағы сальвадорлық боксшы Франсиско Руис отандасы Рикард Кортеспен жұдырықтасқаннан кейін көз жұмады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
11
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel