RU
Шымкенттегі балмұздақ оқиғасы: қорқынышты жайттардың басы ашылды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттегі балмұздақ оқиғасы: қорқынышты жайттардың басы ашылды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте жүздеген адамды балмұздақпен улаған дүңгіршекті тексерген санитар дәрігерлер өрескел қателіктерді анықтап, кәсіпкерді сотқа берді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкент

Шымкентті шулатқан "улы" балмұздақ оқиғасы күн санап ушығып барады. Тәтті тағам жеймін деп ауруханадан бір-ақ шыққан 188 науқастың барлығы балмұздақтан уланған болып шықты.

Арнайы сараптама жұмыстарын жүргізген мамандар уланғандардан қауіпті инфекция түрін анықтаған. Нақтырақ айтқанда, 28 адамнан сальмонеллез инфекциясы табылыпты.

Сондай-ақ, "улы" балмұздақ сатушылардың рұқсат қағазы болмай шықты. Ең сорақысы, сатылатын балмұздақ арнайы орында емес, кез-келген лас жерде дайындала берген.

Тіпті сатушылардың өзі қауіпті инфекцияны таратқан болуы мүмкін. Өйткені улы балмұздақ сатқан дүңгіршектегі екі қызметкерде сальмонеллез инфекциясына күдік бар көрінеді.

"Балмұздақ дайындайтын орын санитарлық талапқа сай келмейтін жеке тұрғын үйлерде дайындалған. Барлық өнімдердің сапасымен қауіпсіздігін растайтын құжаты жоқ. Бұл киоскіде барлығы бес қызметкер болса, 4 қызметкердің медициналық құжаты жоқ болып шықты. Анықталған кемшіліктер бойынша нысанның жұмысын уақытша тоқтату туралы қаулы шығарып, талап-арыз сотқа жолданды", - дейді ОҚО ҚДСБ басшысы Нұрбек Нышанов.

Еске салайық, балмұздақтан уланғандардың алғашқы қатары 28 наурыз күні ауруханаға түскен. Алғашқыда отыз науқас ауруханға жатқызылса, қазір бұл көрсеткіш екі жүзге жетіп жығалады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
9
0
1
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel