RU
Аягөз–Семей тасжолында жолаушылар автобусы түгі қалмай өртеніп кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Аягөз–Семей тасжолында жолаушылар автобусы түгі қалмай өртеніп кетті

Рассказать Вконтакте

Аягөз – Семей рейсін орындаған жолаушылар автобусы трассада түгі қалмай өртеніп кетті деп жазды ustinka.kz.

Шығыс Қазақстан ішкі істер департаментінің мәліметінше, сәуірдің бірінен екісіне қараған түні болған.

Автобус бұзылып қалғаннан кейін жолаушылар басқа көлікпен Семейге жеткізілген.

"Жүргізушілер автобусты жөндеп, Аягөзге қайтып бара жатқанда көліктен өрт шыққан", — деп нақтылады ведомствоның баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер келгенше автобус толығымен жанып кеткен. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
5
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel