RU
"Жоқтан бар" жасап спортпен шұғылданатын ауыл баласы елді тәнті етті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Жоқтан бар" жасап спортпен шұғылданатын ауыл баласы елді тәнті етті (видео)

Рассказать Вконтакте

"Жоқтан бар" жасап спортпен шұғылданып жүрген ауыл балалары көпшілікті тамсандырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Желіде спортпен шұғылданып жүрген ауыл жастарының жаттығу «залының» видеосы пайда болды.

Онда жасөспірім видеоны түсіруші авторға «залдағы» жаттығу құралдарын таныстырып береді.

Ол ұзын таяқтың екі шетіне су толтырылған пластикалық (баклашка) құтыны байлап, спорттық штанга жасағанын, оның салмағы 18 келі тартатынын айтады.

Мұнан соң жас тұрғын өзге де спорттық құрал-жабдықтарды көрсетеді. Олардың қатарынан ішіне құм құйылған ұнның қабын да көруге болады.

Бұл видеоны көрген желідегілер «жоқтан бар жасап» отырған ауыл жастарының әрекетіне тәнті болып, болашақта әлемдік додаларда чемпион атануына сенім білдірді.

Айта кетерлігі, өз қолдарымен «тренажер залын» жасап алғандар еліміздің қай өңірінен екені белгісіз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
1
3
1
72
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір