RU
ОҚО-да заманауи әжетхана салғызып жатқан директор желіні шулатты
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да заманауи әжетхана салғызып жатқан директор желіні шулатты

Рассказать Вконтакте

ОҚО-да колледж директоры өзі басшылық ететін оқу орнында заманауи әжетхана салынатынын айтып, халықтан сүйінші сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

ОҚО-да

Фото: facebook
Source: UGC

ОҚО, Төлеби ауданы, Көксәйек ауылындағы №9 колледж директоры Болат Жанәбіл бұл туралы өзінің желі парақшасында мәлім етті. Өз жазбасында автор бұл әжетхана құрылысы демеушілер есебінен жүргізіліп жатқанын да ұмытпаған.

«Демеушілік көмектің арқасында колледжімізде заманауи дәретхана құрылысын бастадық. Бұл ғимарат заман талабына сай кафельденіп, ыстық су мен кәріз жүйесіне қосылады», - деп жазған директор қажеттілікті өтейтін орынның құрылыс барысындағы жұмыстардың фотоларын да жүктеді.
ОҚО-да

Фото: facebook
Source: UGC

Бұл жазбаны оқыған желідегілердің бірі басшыға "кондиционер қоюды ұмытпауға" кеңес берді.

Нысан құрылысын көріп заманауи болатынына күмән келтірген тағы бір желі қолданушысына Болат Жанәбіл мырза «құрылысы аяқталған соң көресіздер, қазіргісін көрсетпей-ақ қояйын» деп жауап қатты.
Сіздің реакцияңыз
11
0
0
2
1
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel