RU
Министр тасқынмен күресу үшін техникаға 4 млрд теңгеден астам қаржы бөлуді сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Министр тасқынмен күресу үшін техникаға 4 млрд теңгеден астам қаржы бөлуді сұрады

Рассказать Вконтакте

Құтқарушыларға техникалық жабдық сатып алуға 4 млрд теңгеден астам қаржы керек. Жалпы, табиғи апаттардан құтқару саласына ақша өте аз бөлінеді. Бұл туралы үкімет жиынында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қалмұханбет Қасымов. Фото: primeminister.kz

Қалмұханбет Қасымов. Фото: primeminister.kz

Министрдің дерегінше, бүгінде 58 елдімекенде орналасқан бас-аяғы бір жарым мыңнан астам тұрғын үй су астында қалған. Шығыс Қазақстан облысындағы үш аудан мен Семей қаласындағы ахуал әлі де күрделі. Жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай режимі сақталған. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Аймақ әкімі Даниал Ахметов мұндай жойқын су тасқыны соңғы 60 жылда болмағанын айтады. Құтқарушылар тәулік бойы кезекшілікке көшкен. Өзендерде мұз жару шаралары жалғасып жатыр.

Қасымов құтқару саласын қаржылай қамтамасыз ету кей өңірлерде тіпті 30 пайыздан аспайтынын айтып қалды.

"Бұл мәселе біраз жылдан бері қаражаттың аздығынан шешілмей келеді. Бүгінде құтқару қызметтерін техникалық қамтамасыз ету 30 пайыздан аспайды. Шығыс және Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары мен Астана қаласы бюджеттерінен аталған бағытқа қаржы өте аз бөлінеді. Дәл осы кезде бізге 4 млрд-тан астам қаржы керек", - дейді Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Тасқынға байланысты Шығыс Қазақстандағы көптеген білім ошақтарында сабақ тоқтатылды. Әзірге белгілісі, оқушылардың жоспардын тыс демалысы осы аптаның аяғына дейін созылмақ.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
7
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір