"Оны қашан болса да жеңемін": Головкинге тағы бір батыл қарсылас табылды
Бразилиялық боксшы Ямагучи Фалькао Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды деп хабарлайды prosports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ямагучи Фалькао. Фото: Fightnews.info
Егер мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) допинг үшін спорттан шеттетілсе, 30 жастағы бразилиялық GGG-мен 5 мамырда жұдырықтасуға дайын.
"Мен титул үшін жұдырықтасуға дайынмын. Маған жалғыз керегі – мүмкіндік қана. Головкин қарсылас іздеп жүр екен, мен онымен жекпе-жек өткізе аламын. Оны қашан болса да, қайда болса да жеңемін. Менің әуесқой және кәсіпқой бокста тәжірибем көп. Сондықтан Головкинге қарсы өмірімдегі ең үздік жекпе-жегімді өткіземін", - деді Фалькао.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
6
1
Тағы да оқыңыздар
Пікір