RU
Жаңа туған сәбиді ұрлап кеткен маймылға іздеу салынды
Жаңалықтар Әлемде

Жаңа туған сәбиді ұрлап кеткен маймылға іздеу салынды

Рассказать Вконтакте

Үндістанның Орисса штатындағы Банки ауылында маймыл жаңа туған баланы ұрлап кетіп, өліміне себеші болған деп хабарлайды Oxu.Az порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: oxu.az

Көрнекі фото: oxu.az

Нәрестенің анасының айтуынша, үйіне келген маймыл тордың астында ұйықтап жатқан жаңа туған баласын алып, лезде шатырыға секіріп, көзден ғайып болған.

Сәбиін жанұшыра іздеген ата-ананың әрекетінен еш нәтиже шықпаған. Алайда келесі күні ауылдың өзге тұрғыны құдықтан жаңа туған баланың денесін байқап қалған.

Сараптама нәтижесі нәрестенің батып кеткенін көрсеткен.

Сәбидің туыстарының болжамынша, маймыл баланы байқамай суға түсіріп алған. Ал қазіргі уақытта нәрестенің өліміне себепкер болған маймылға іздеу салыныпты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
3
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel