Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін 20 жасында Олимпті бағындырған Бекзат Саттархановтың туған күні (фото, видео)

Опубликовано:

Бүгін ел мақтанышы болған Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың өмірге келген күні. Боксшы көзі тірі болғанда биыл 38 жасқа толар еді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бүгін 20 жасында Олимпті бағындырған Бекзат Саттархановтың туған күні. Фото: NUR.KZ.
Бүгін 20 жасында Олимпті бағындырған Бекзат Саттархановтың туған күні. Фото: NUR.KZ.: UGC

Сидней Олимпиадасында ел туын көкке желбіретіп, небәрі 20 жасында чемпион атанған батыр ұл 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні жол апатынан көз жұмды. Бұл қазақ елі үшін орны толмас қасірет еді.

Бүгін 20 жасында Олимпті бағындырған Бекзат Саттархановтың туған күні. Фото: NUR.KZ.
Бүгін 20 жасында Олимпті бағындырған Бекзат Саттархановтың туған күні. Фото: NUR.KZ.: UGC

Қазақ боксшысы Бекзат Саттарханов халықаралық дәрежедегі және Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. Жартылай жеңіл салмақ дәрежесі бойынша Сиднейде өткен жазғы Олимпиадада алтыннан алқа тақты. Ол 2001 жылға санаулы минуттар қалған сәтте Оңтүстік Қазақстан облысындағы Темірлан трассасында автокөлік апатынан қаза болды.

Бүгін 20 жасында Олимпті бағындырған Бекзат Саттархановтың туған күні. Фото: NUR.KZ.
Бүгін 20 жасында Олимпті бағындырған Бекзат Саттархановтың туған күні. Фото: NUR.KZ.: UGC

Бекзаттың есімі әлемге танылады деп ата-анасына тіпті де ойламаған екен. Себебі, үйінің кенжесі болған ол бала күнінде өте нәзік әрі әлжуаз болған. Бүгінде спортшының туып-өскен жері Түркістан қаласында Бекзаттың атындағы мөлтекауданы мен спорт кешені бар.

Бүгін 20 жасында Олимпті бағындырған Бекзат Саттархановтың туған күні. Фото: NUR.KZ.
Бүгін 20 жасында Олимпті бағындырған Бекзат Саттархановтың туған күні. Фото: NUR.KZ.: UGC

Сондай-ақ, Бекзат туралы әндер жазылып, деректі фильм де түсірілді. Спорт журналисі Қыдырбек Рысбекұлы арнайы кітап жазды. Фотоальбомдар жарық көрді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1724762-bgin-20-zasynda-olimpti-bagyndyrgan-bekzat-sattarhanovty-tugan-kni-foto-video/

pixel