RU
"Кардашьянға" айналғысы келген бойжеткеннің жүрегі ота үстінде тоқтап қалған
Жаңалықтар Әлемде

"Кардашьянға" айналғысы келген бойжеткеннің жүрегі ота үстінде тоқтап қалған

Рассказать Вконтакте

25 жастағы Джейд Стэффорд өзінің мүсінін мінсіз қылу жолында мерт бола жаздады деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: nur.kz

Фото: nur.kz

Екі баланың анасы пластикалық ота жасатпақ болады.

Ол отадан кейін көзін ашқанда денесіндегі ауырсынуды байқайды. Одан дәрігерлер ауруханада тағы бір апта қалуын өтінген. Алайда, Джэйд ешкімнің айтқанын тыңдамай, екі күннен соң үйіне қайтып кетеді.

Көп ұзамай бойжеткен қайтадан ауруханаға түседі. Оның өкпесі қабынып кеткен екен.

Жергілікті дәрігерлер бойжеткенге ота уақытында жүрегі тоқтап қалғандықтан, кеудесінің тұсы көгеріп, өкпесі қабынғанын жеткізген.

Ал Джэйд жамбасына ота жасаған хирургтың бұл жайында ештеңе айтпағанына таң қалады. Олар кеудедегі көгерген іздер аллергия әсерінен болғанын айтыпты. Бүгінде екі баланың анасы стамбулдық аурухана дәрігерлерін сотқа бермек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel