RU
"Реалдан" ойсырай ұтылған "Ювентус" жанкүйерлері Роналдуға риза болды
Жаңалықтар Әлемде

"Реалдан" ойсырай ұтылған "Ювентус" жанкүйерлері Роналдуға риза болды

Рассказать Вконтакте

Футболдан Чемпиондар лигасының ширек финалындағы алғашқы ойындар өтті. Туринде "Реал" "Ювентусты" 3:0 есебімен сан соқтырса, "Севилья" өз алаңында "Баварияға" есе жіберді деп жазады Vesti.kz.

Сарыағаш

Криштиану Роналду 3 минутта-ақ гол соғып, командасын алға шығарды. Екінші таймда португалдық шабуылшы дубль жасады. Оның асқан шеберлікпен шалқалай тепкен добы Буффон қорғаған қақпаның торында тулады.

Жергілікті жанкүйерлер Роналдудың шеберлігіне қол соғып, құрмет көрсетті. Футболшы да алғысын білдіріп, ризашылық танытты.

66 минутта "Ювентус" сапынан Паоло Дибала қызыл қағаз алғаннан кейін корольдік клубтың ойындағы басымдығы арта түсті. 72 минутта Роналдудың тамаша пасынан кейін Марсело алаң иелері қақпасына үшінші голды соқты.

Ойын соңында Матео Ковачичтің тепкен добы қақпа бағанына тиіп, биік кетті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel