RU

"Өзімдікін жібермеймін": Атышулы Байзақова ғашығын көрсетті (фото)

Атышулы бойжеткен Айжан Байзақова өзінің ең алғашқы бала махаббатын көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Атышулы Байзқова өзінің ғашығын көрсетті. Фото: Telegram
Атышулы Байзқова өзінің ғашығын көрсетті. Фото: Telegram: UGC

Бойжеткен бұл жайында Telegram парақшасында хабарлады.

"Маған бірінші сыныптағы суретімді жолдады. Менің жанымдағы өзім ғашық болған жігіт. Оны ешкімге берместей, жанына тұрып алғанмын ғой. Өзіме тиесіліні ешкімге бермеймін. Алыс жүріңдер", - деп жазды Байзақова.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Жан Ахмадиев Сейфуллин көшесінің бойындағы жезөкшелерді қамшымен сабап, қоғамда дау тудырған болатын. Оның бұл ісін жақтамағандар қатарында Байзақова да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1724771-zimdikin-zibermejmin-atysuly-bajzakova-gasygyn-krsetti-foto.html